08 жел, 2016 сағат 13:42

Сағынтаев 2017 жылдан бастап Ұлттық қордағы қаражаттың басқаша жұмсалатынын мәлімдеді

-  Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев 2017 жылдан бастап Ұлттық қордағы қаражаттың басқаша жұмсалатынын мәлімдеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".  

«Әлемдегі жағдай күрделі екені баршаға белгілі. Мұны көріп отырмыз. Барлығы  ақша тек Ұлттық қордан келеді, басқа тиын жоқ деді. Егер біз тек осы бағытта  әрекет етсек, онда Ұлттық қорда  түк те қалмайды. Біздің Ұлттық қор жайлы тілегіміз  мұнайдың барреліне 100-115 доллар болған кездегідей қалып қойған.

Бүгінгі мұнайдың бағасы мүлдем басқаша. Қазір біз басқа бағаны көріп отырмыз, сонда да қордағы ақшаны жұмсағысы келетіндер бар. Бірақ ақшаны мұнай бағасы 100 доллар кезінде өмір сүріп жатқандай алғымыз келеді. Сондықтан да біз Мемлекет басшысына Ұлттық қордағы қаражатты жұмсаудың жаңа концепциясын ұсындық.

Президент тұжырымдаманы мақұлдады. Тиісті шешімдер бар. Келесі жылдан бастап Ұлттық қордың қаражатын басқаша пайдаланатын боламыз», - деді «Атамекен» ҰКП Президиумының отырысында Сағынтаев.

Еске салсақ, қазанда ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев үш жылда Ұлттық қор қаражатын пайдалану көлемі азайтылатынын хабарлаған. «Өкінішке орай, Ұлттық қордың қаражатын пайдаланудан қазіргі сәтте бас тарта алмаймыз. Бірақ, жоспарымыз бойынша, 2017, 2018, 2019 жылдардан бастап үш жыл ішінде біз бюджет шығыстары мен Ұлттық қордан тартылатын қаражат көлемін теңгерімдейміз», - деп атап өтті ол.