23 мам, 2017 сағат 15:47

Сағадиев: Министрлік "Болашақ" тәлімгерлерінің даулы шағымын қарастырып жатыр

ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ҚР БҒМ және Президент Әкімшілігіне Халықаралық бағдарламалар орталығының басшысына қатысты келіп түскен ұжымдық шағыммен айналысуға уәде берді, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz тілшісі.

Sputnik Казахстан басылымының мәліметінше, Халықаралық бағдарламалар орталығының қызметкерлері Президент Әкімшілігіне, Бас прокуратураға және ҚР Білім және ғылым министрлігіне өздерінің басшысы Жанболат Мелдешовке шағымданған. Бес парақ шағым жазған орталықтың бұрынғы және қазіргі қызметкерлері орталық басшысының өзіне ұнамайтын қызметкерлерін жұмыстан кетуге мәжбүрлеп жүргенін және ол орындарды өзінің адамдардына босатып беруге мәжбүрлеп жатыр. Сондай-ақ, шағымда орталық басшылығы тарапынан кеткен бірнеше заңбұзушылық анықталды.

"Біз ішкі тергеу жұмыстарын бірнеше рет жүргіздік, мұндай деректер анықталмады. Өтініш жазатын болсаңыздар, менің атыма жазыңыздар, сонда біз қызметтік тексеріс жүргіземіз. Бірақ БАҚ арқылы хабарлаған екенсіздер, біз енді тексеріс жүргізіп, сіздерге баяндаймыз", - деді Сағадиев.

Ұжымдық шағымға 25 адамның қол қойғаны айтылады. Сондай-ақ, орталық қызметкерлері жиындардың бірінде түсірілген видеоны көрсеткен. Онда болжам бойынша, басшылардың бірі "Болашақ" түлектеріне тіл тигізіп жатады.

Айта кетейік, "Болашақ" халықаралық стипендиясы 1993 жылы бекітілген. Осы уақытқа дейін 12 мыңнан аса қазақстандық мемлекет есебінен әлемнің үздік ЖОО-ларында оқыды.в.