26 шіл, 2022 сағат 20:32

Сәдуақасова Дүниежүзілік шахмат олимпиадасына қатысудан бас тартты


Қазақстандық белгілі шахматшы Динара Сәдуақасова Үндістанда өтетін дүниежүзілік шахмат олимпиадасына қатыспайтын болды. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Осы жазда мен Үндістанда өтетін Дүниежүзілік шахмат олимпиадасына қатысудан бас тарту туралы шешім қабылдадым. Бірқатар міндеттемелерге байланысты жауапты шараға дайындала алмадым. Дегенмен алдағы жарыстарға міндетті түрде қатысамын деген сенімдемін. Бұл үшін негізгі фактор - оқытудың тиісті деңгейіне қажетті барлық ресурстың жеткілікті мөлшері», - деп жазды ол Instagram-да.

Сондай-ақ, шахматшы жарысқа қатысатын спортшыларға сәттілік тіледі.

«Әрине, бүгін мен барша қазақ спортшыларына күш-қуат, сәттілік тілеймін. Әріптестерімнің абыроймен өнер көрсетіп, жоғары кәсіби шеберліктерін көрсете алатынына сенімдімін», - дейді Динара.

Еске салайық, бұған дейін шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасының жаттықтырушысы Александр Моисеенко алдағы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында команда алдында үздік үштікке ену міндеті тұрғанын айтқан болатын.

28 шілде мен 10 тамыз аралығында Үндістанның Ченнай қаласында шахматшылардың 44-ші Олимпиадасы өтеді.