сурет ашық дереккөзден алынды
10 ақпанда Біріккен Араб Әмірліктеріндегі WTA 500 Mubadala Abu Dhabi Open турнирінде Қазақстанның бірінші, дүниежүзінің 10-ракеткасы Елена Рыбакинаның ширек финалдағы матчы өтті. Ол бразилиялық Беатрис Хаддад-Майяға қарсы ойнады, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Бірінші сетте Рыбакина жеңді. Есеп - 6:3. Алайда одан кейінгі екі сетте Беатрист басым болып (6:3, 6:2), турнирдің жартылай финалына жолдама алды.
Рыбакинаның бұл жеңілісін сенсация деп атауға болады, өйткені жанкүйерлер мен сарапшылардың көпшілігі оның Australian Open-дегі сәтті өнерінен кейін әрі қарай да тек жақсы нәтиже көрсетеді деп күткен.
Ойын 2 сағат 6 минутқа созылды.
Бұған дейін 23 жастағы Рыбакина мен 26 жастағы Хаддад-Майя теннис кортында кездеспеген.