07 шіл, 2022 сағат 16:13

Рыбакина Уимблдондағы жетістігі үшін қанша сыйақы алады?


Лондон қаласында өтіп жатқан Уимблдон турнирінің жартылай финалына шыққан қазақстандық теннисші Елена Рыбакина қомақты сыйақыға да қол жеткізді, деп жазады "Ұлт ақпарат" Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

23 жастағы Рыбакина Үлкен дулыға санатындағы турнирдің жартылай финалына бірінші рет шықты. Кеше отандасымыз Айла Томляновичтен айласын асырған болатын. Осылайша, ол 535 фунт (298 миллион теңге) шамасында сыйақыға ие болды.

Енді қазақстандық теннисшісі румын қызы Симона Халепті жеңіп, финалға шықса, сыйақысын екі есе, яғни бір милион 50 фунтқа (585 миллион теңге) дейін көбейте алады. Ал чемпион бір миллион фунт (бір миллиард теңгеден көп) сыйақыға ие болмақ.

Айта кетейік, Рыбакина мен Халеп арасындағы жартылай финал бүгін, 7 шілдеде Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де басталады.