Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ұлыбритания ашық чемпионатының 17-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ширек финалда дүниежүзілік рейтингте 44-орында тұрған аустралиялық Айла Томляновичпен кездесті.
Бірінші партия барысында алға кеткен аустралиялық теннисші сол басымдылығын сақтай алды - 6:4.
Екінші сетте Елена Рыбакина есе қайырды - 6:2.
Үшінші, шешуші партияда да қазақстандық спортшы қарсыласына дес бермеді - 6:3.
Екі сағатқа жуық уақытқа созылған матчта Е.Рыбакина 15 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді.
Осылайша, Рыбакина қазақстандық теннисшілер арасынан алғаш рет Уимблдон турнирінің жартылай финалына өтт. Ол финалға шығу үшін әлемнің 18-ракеткасы, «Үлкен дулыға» жарысының екі мәрте жеңімпазы, румыниялық Симона Халеппен таласады.