Фото: ҚР теннис федерациясы
Уимблдон-2022 чемпионы, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина "Ролан Гаррос-2023" турниріндегі кездесулерін неліктен жалғастыра алмайтынын түсіндірді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Кеше өзімді нашар сезіне бастадым, дене қызуым көтерілді. Бүгін де солай болып тұр. Мұндай жағдайда ойнау қиын. Мен 100 пайыз дайын емеспін. Дене қызуым бар, басым ауырып тұр, ұйқым нашар болды. Мен бұл белгілерді екінші раундтан кейін сезіне бастадым. Жолым болмады, шөп төсенішіне дейін қалыпқа келуге тырысамын", - деді Елена арнайы баспасөз мәслихатында.