14 там, 2021 сағат 12:30

Рыбакина Монреаль турнирінің жартылай финалына шықты


Қазақстанның бірінші, әлемнің 19-ракеткасы Елена Рыбакина жұптық сында Монреаль WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Рыбакина ресейлік Вероника Кудерметовамен бірге ширек финалда норвегиялық Ульрикке Эйкери – америкалық Кэтрин Харрисонмен кездесті. 

Қазақстандық-ресейлік жұп қарсыластарын 6:0, 6:2 есебімен ойсырата ұтты.

Бәсеке 56 минутқа созылды. Матч барысында Рыбакина мен Кудерметова 3 эйс, 5 брейкке қол жеткізді. Норвегиялық-америкалық жұп бірде-бір рет эйс не брейк жасай алған жоқ.

Қазақстандық-ресейлік жұп финалға шығу үшін канадалық Габриэла Дабровски – бразилиялық Луиза Стефанимен таласады.