Фото: Miami Open
Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Miami WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Елена ширек финалда дүниежүзілік рейтингте 24-орында тұрған италиялық теннисші Мартина Тревизанмен шеберлік байқасып, 1 сағат 9 минутқа созылған ойында 6:3, 6:0 есебімен жеңіске жетті.
Бұл - Рыбакинаның қатарынан 12-жеңісі. Енді ол турнирдің жартылай финалында Джессика Пегула (АҚШ) мен Анастасия Потапова (Ресей) жұбының жеңімпазымен кездеседі.