Фото: facebook.com/kaztennis
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-тағы Индиан-Уэллсте өтіп жатқын ATP Masters 1000 санатындағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Отандасымыз ширек финалда әлемнің 76-шы ракеткасы - чехиялық Каролина Мухованы 7:6 (7:4), 2:6, 6:4 есебімен жеңді. Кездесу 2 сағат 48 минутқа созылды.
Рыбакина алты рет екі еселенген қателік жіберіп, 14-тен екі үзіліс нүктесін жүзеге асырды.
Бұл жетістік Қазақстан үшін тарихи сәт болды. Өйткені бұған дейін Рыбакина Индиан-Уэллстегі турнирде жартылай финалға ешқашан жеткен емес.
Жарыстың финалына шығу үшін еліміздің бірінші ракеткасы поляк теннисшісі Ига Швентекпен ойнайды.