03 мам, 2024 сағат 09:30

Рыбакина Мадридте жартылай финалмен жарысты аяқтады

Фото ©️ WTA


Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Испанияның Мадрид қаласында өтіп жатқан WTA 1000 - Mutua Madrid Open турнирінің жартылай финалынан аса алмады, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат»


Қазақстандық теннисші белоруссиялық Арина Соболенкомен тағы кездесті де, Соболенко 7:6, 7:6 есебімен ұтты. Осылайша, теннисшілердің өзара есебі осымен 6:3 болғанын айта кетейік, яғни олар өзара 9 рет ойнап, оның алтайында белоруссиялық теннисші ұтқан.  


Енді турнир финалында Арина Соболенко польшалық Ига Швентекпен матчте жарыс жеңімпазын анықтайды.