23 мау, 2021 сағат 23:13

Рыбакина Истбурнда әлемнің бесінші ракеткасын жеңді


Қазақстанның бірінші, әлемнің 21-ракеткасы Елена Рыбакина Истбурн WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің бесінші, осы доданың 2-ракеткасы, украиналық Элина Свитолинамен кездесті. 

Бірінші партияда брейкпен алға шыққан Рыбакина сол басымдылығын сақтай алды - 6:4. 

Екінші сет одан да тартысты өрбіп, тай-брейкте Елена жеңісті жұлып алды - 7:6 (7:3). 

Бір сағат 42 минутқа созылған кездесуде қазақстандық теннисші 7 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді. Қарсыласы 4 эйс, 2 брейкпен шектелді. 

Рыбакина айтулы жарыстың жартылай финалына шығу үшін әлемнің 61-ракеткасы, латвиялық Анастасия Севастовамен таласады. Ол әлемнің 23-ракеткасы, АҚШ-тың жас жұлдызы Кори Гауфты 4:6, 7:5, 6:2 есебімен жеңді. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Рыбакинаның Истбурн турнирінің екінші айналымына, А.Бубликтің ширек  финалға шыққанын жазған болатынбыз.