Фото: eurosport.fr
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина кәсіби мансабында екінші рет Индиан-Уэллсте өтіп жатқан "Masters" турнирінің ¼ финалына жолдама алды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Рыбакина төртінші айналымда ресейлік теннисші Варвара Грачеваға қарсы ойнаған.
Қазақстандық спортшы екі сет қорытындысы бойынша қарсыласын 6:3, 6:0 есебімен жеңді.
Ойын 1 сағат 21 минутқа созылды. Отандасымыз 4 рет допты асыра беріп, 3 рет 2 еселенген қателік жіберді.