Фото: eurosport.fr
Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің үздік теннисшілерінің ондығына енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингін жария етті.
Қазақстанның үздік теннисшісі Аустралия ашық чемпионатының финалына шыққанының арқасында 25-тен 10-орынға көтеріліп, өз спорт жолында алғаш рет үздік ондыққа енді.
Сондай-ақ Елена Путинцева 47-ден 44-сатыға жоғарылады.
Ал жұптық сында Анна Данилина 24-орында тұр.