Фото: globallookpress.com
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жеке және жұптық разрядтағы спортшылар рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Осылайша, үздік қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемдік классификацияда рекордтық төртінші орынға көтерілді. Бұған дейін ол алтыншы орында болған еді. Рыбакина рейтингіде Римде өткен турнирдегі жеңісінің арқасында жоғарылады.
Ал тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева 61-орынға түсті.
Үздік үштік өзгеріссіз: Ига Свентек (Польша), Арина Соболенко (Беларусь) және Джессика Пегула.
Сондай-ақ жұптық сында үздік қазақстандық теннисші Анна Данилина 26-орыннан 24-орынға көтерілді. Чехиялық Катерина Синякова көш басын сақтап қалды. Бұл ретте америкалық Джессика Пегула үшінші орыннан екінші орынға көтерілді, ал бұған дейін төртінші орында болған оның отандасы Коко Гауфф үздік үштікте тұрақтады.