Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
Русланбек Бекжігітов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тиісті құжатқа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
"Мемлекет басшысының өкімі бойынша, Русланбек Кеңесбекұлы Бекжігітов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды", - делінген Өкімде.