05 ақп, 2020 сағат 17:02

«Рухани жаңғыру» айналасындағы алуан пікірлер оны тек күшейтеді – Талғат Қалиев

«Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры Талғат Қалиев «Рухани жаңғыру» бағдарламасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін біз қызықты әрі мазмұнды диалогтың куәсі болдық. Пікірталас өте нәтижелі болды. Бұл - «Рухани жанғыру» бағдарламасының шынында да жұмыс істеп, қоғамға терең еніп, ауқымды істердің атқарылып жатқанының көрсеткіші. Алғашқы жылдары осы бағдарламамен жұмыс жүргізгендердің көбі жұмыс ретін толыққанды білмеген еді. Ендігі кезекте терең түсіністікпен кейбір өлшемдер айқындалып, бағдарламаны қалай жүзеге асыру турасында әртүрлі көзқарастар айтылуда. Дәл осы пікірталастар оны сапасы мен мазмұны жағынан жетілдіре түседі деп ойлаймын», - деді Талғат Қалиев Ақордадағы жиыннан кейін журналистерге берген сұхбатында.

Сарапшы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының айналасындағы алуан пікірлерді жағымды тенденцияға теңеді.

«Мұндай пікірталастар оны жетілдіруге және тиімділігін арттыруға көмектеседі. Өйткені бағдарламаның түпкі мақсаты - заманауи, прогрессивті және жастар ортасында бәріне түсінікті, салауатты моральдық-құндылыққа ие бағыттарды қалыптастыру. Бүгін де біз жастар арасында құндылықтарды түсінбеушілік байқалады. Бәлкім, бұл суицид пен ажырасу жағдайларының артында проблемалар шығар. Себебі бұл психологиялық мәселелердің артында құндылықты бұрмалау жағдайы көрініс береді», - дейді Талғат Қалиев.

Еске сала кетсек, бүгін Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша ұлттық комиссия отырысы өтіп, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев бағдарламаның 2020 жылға арналған жаңа жоспарын таныстырған болатын.