Шабуылшы Криштиану Роналду Португалия құрамасы сапында өз карьерасындағы 110-шы голын соғып, ұлттық команда үшін салған доп саны бойынша жаңа әлем рекордын орнатты, деп хабарлайды РИА Новости.
2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу сайысында Португалия құрамасы өз алаңында Ирландияны қабылдады.
Алдымен 45-минутта ирландиялық Джон Эган есеп ашқанымен, матч соңында Роналду мықтылығын танытты. Ол 89-минутта таразы басын теңестіріп, өзінің құрама сапындағы 110-голын соқты. Осылайша шабуылшы өз спорттық жолында қарсыластар қақпасына 109 доп енгізген, 2007 жылы карьерасын аяқтаған Иран құрамасының экс-форварды Али Даеидің көрсеткішінен асып түсті.
Ал 96-минутта Роналду тағы бір голдың авторы атанып, командасына жеңіс әперді.
Португалия құрамасы А тобында 10 ұпаймен бірінші орында келеді.
Айта кетейік, ойын барысында келеңсіз жағдай болды – Роналду пенальти орындау барысында қарсылас команданың ойыншысын бетінен ұрды.