Жазушы Роллан Сейсенбаев Абай күнін мерекелеу туралы пікірін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Абай күні - қазақтардың мәдениеті, әдебиеті мен поэзиясы күні. Абай күні - қазақ халқының рухы. Бұл күн біз үшін әрқашан қасиетті болуы керек, өйткені бұл ұлы поэзия күні. Бұл күні Гете, Пушкин, Шиллер сияқты әлемнің барлық ұлы ақындары туралы айтуға болады. Олар адамдарды осы әлем кеңістігін танып білуге жетелейді. Абай - бүкіл өмірін қазақтарды ұлт етуге арнаған данышпан тұлға. Бүгін біз нағыз мықты ұлы мемлекет болу жолында тұрған қазақпыз", - деді ол.
Еске салайық, Қазақстан Үкіметінің қаулысымен 10 тамыз Абай күні болып белгіленді.