Қазақстандық Юлия Путинцева жұптық сында Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда румыниялық Андреа Митумен бірге Польша өкілі Алисия Росольска – америкалық Коко Вандевегемен кездесті.
Бірінші партияда А.Росольска мен К.Вандевеге 6:3 есебімен басым түссе, екінші сетте қазақстандық-румыниялық жұп дәл сондай есеппен есе қайырды.
Үшінші, шешуші сетте Миту мен Путинцева 3:0 есебімен алға кетті. Бұдан кейін қарсыластары есепті қысқартқанымен, қайтадан брейк жасап, 5:2-ге жеткізді.
Сосын Юлия матчқа доп бергенде, қазақстандық-румыниялық жұп матчты жеңіспен түйіндеді – 6:2.
Бәсеке сағат жарымға жуық уақытқа созылды.
Ю.Путинцева мен А.Миту екінші айналымда Франция ашық чемпионатының 3-ракеткалары, америкалық Николь Меличар – нидерландылық Деми Схюрс немесе франциялық Диан Парри – Марго Йеролимос жұптарының қай жеңгенімен кортқа шығады.