Қазақстанның бірінші, әлемнің 37-ракеткасы Александр Бублик Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазақстандық теннисші жарыстың бас аренасы – Филипп Шатрие кортында әлемнің 2-ракеткасы, ресейлік Даниил Медведевпен күш сынасты.
Қарсыластар бұған дейін бір рет кездесіп, онда Д.Медведев жеңіске жеткен еді.
Екі сағатқа жуық уақытқа созылған матчта ресейлік спортшы сәттірек ойнай алды – 6:3, 6:3, 7:5.
Бәсеке барысында А.Бублик сегіз эйс жасап, 9 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана алды. Д.Медведев жеті брейкке қол жеткізді.
Осылайша ерлер арасында Франция ашық чемпионатында Қазақстаннан ешкім қалған жоқ.
Д.Медведев екінші айналымда әлемнің 52-ракеткасы, америкалық Томми Пол немесе рейтингте 129-сатыдағы аустралиялық Кристофер О'Коннелдің біреуімен кортқа шығады.