Фото: olympic.kz
Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан 23 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды Ult.kz.
97 келі салмақ дәрежесіндегі финалда ол ирандық қарсыласын айқын басымдықпен жеңді. Былтыр Айтмұхан ересектер арасындағы әлем чемпионатында 92 келі салмақ дәрежесінде чемпион атанған еді. Бұл Қазақстан тарихындағы еркін күрестен алғашқы алтын медаль.
Ризабек Айтмұхан 2023 жылы ересектер арасында әлем чемпионы атағына қол жеткізген болатын, сондай-ақ осы жылы 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлемдік доданың үздігі атанған еді.