- Ресейдегі Ислам комитетінің төрағасы, танымал теологтар мен философтардың бірі Гейдар Джемаль 70 жасқа қараған шағында дүние салды. Бұл туралы қоғам қайраткерінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жарияланды.
«Бүгін түнде Жаратушы әмірімен Гейдар Джемаль бақилық болды. Құдіреті шексіз Алла оны рақымына бөлеп, жұмақтың бағын нәсіп етсін», - делінген Twitter парақшасындағы хабарламада.
Гейдар Джемаль 1947 жылы 6 қарашада Мәскеуде дүниеге келген. 1965 жылы ММУ жанындағы Шығыс тілдері институтына түскен, бірақ оқуын аяқтамаған. 1995 жылы «Ислам комитеті дінаралық қоғамдық қозғалысын» құрды.
Ұлт порталы