Фото: ашық дереккөз
Астана әкімдігі Республика күніне орай атаулы әлеуметтік көмек алушыларға қосымша бірреттік төлем жасайды. Оның мөлшері – 4,5 АЕК немесе шамамен 17,7 мың теңге, деп хабарлайды Ult.kz.
Бірреттік көмек мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету ережелеріне сәйкес беріледі. Төлем 25 қазанда жасалмақ.
Көмек алушылардың тізімін Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы қалыптастырады. Қаражат 25 қазанға дейін АӘК алған азаматтардың өтініші бойынша аударылады.
