27 мам, 2025 сағат 15:23

Ресейлік ұшақ Ақтөбеге шұғыл қонды - борттағы жолаушы көз жұмды

Фото: ашық дереккөз

Boeing-777 ұшағы (Nordwind Airlines) Ақтөбедегі Әлия Молдағұлова атындағы әуежайға шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Ult.kz.

Себебі борттағы әйел жолаушының жағдайы күрт нашарлаған. Өкінішке қарай, ол қайтыс болды.

Қазір өзге жолаушылар ұшақ ішінде қалуда. Ақпаратты әуежай қызметкері растады, алайда аты-жөнін жариялаудан бас тартты.