Қоғамдық көлік жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қалған. Салонда 20-ға жуық адам болған, олар судан шығарылып жатыр, деп хабарлады ІІМ Бас басқармасының өкілдері. Қазіргі уақытта оның тек 5-еуі шығарылған.
Куәгерлердің айтуынша, автобустағы адамдарға көмекке бірінші болып жергілікті құрылыста жұмыс істейтін құрылысшылар келген. Олар түскі асқа шыққан уақытта суға құлаған автобусты көріп, адамдарды құтқару үшін суға секірген.
ТАСС агенттігі 4 адам қаза тапқанын хабарлады.