Фото: ашық дереккөз
Ресейде металлургиялық комбинат аумағында екі қазақстандық қаза тапты, деп хабарлайды Ult.kz.
Қайғылы оқиға "Северсталь" компаниясының негізгі активі саналатын Череповец металлургиялық комбинатының (ЧерМК) өнеркәсіптік алаңында болған
"14 қаңтарда ЧерМК өндірістік алаңының аумағында мердігер ұйымдардың екі қызметкері – Қазақстан азаматтарының денесі табылды. Қазіргі уақытта өлім себептері тергеліп жатыр. Оқиға орнында арнайы қызметтер жұмыс істеуде. Қызметкерлердің туыстарына терең көңіл айтамыз", – делінген "Северсталь" компаниясының хабарламасында.
Вологда облысы бойынша Ресейде Тергеу комитетінің мәліметінше, оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Болған жағдайдың себептері анықталуда.
