24 шіл, 2025 сағат 16:21

Ресейде жолаушылар ұшағы құлады

Ан-24 ұшағы Тында қаласының маңында апатқа ұшыраған. Оның қалдықтары қаладан 15 шақырым жерде табылды, деп хабарлайды Ult.kz.

Ресейлік БАҚ мәліметінше, ұшақ бортында 43 адам болған, олардың ішінде 5 бала және 6 экипаж мүшесі бар.

Алдын ала мәлімет бойынша, апаттан тірі қалғандар жоқ.