27 мау, 2024 сағат 11:29

Ресейде жолаушылар пойызының 9 вагоны аударылып қалды: 70 адам зардап шекті

Сурет: видеодан кадр

Коми Республикасында Воркута-Новороссийск жолаушылар пойызы рельстен шығып, тоғыз вагоны аударылып қалды. Салдарынан 70 жуық адам жарақат алды, деп хабарлайды ТАСС басылымы.

Оқиға 26 маусым күні Мәскеу уақытымен сағат 18:12-де Инта-1 – Солтүстік темір жолының Угольный учаскесінде болды. Теміржол апаты салдарынан 70-ке жуық адам зардап шекті, адам шығыны жоқ. Пойызда 232 жолаушы болған. 

Пойыз қозғалысы уақытша тоқтады. Оқиға орнына жедел қызметтер мен үш тікұшақ жіберілді. Барлық санитарлық авиация реанимациялық бригадалар жұмылдырылды.

Коми басшысы Владимир Уйба төтенше жағдай орын алған жерге барды. Мұндай жағдай қайталанбас үшін штаб құрылып, жолаушыларға көмек көрсету шаралары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқиға орнына апарататын жолдың жоқтығынан дәрігерлер жете алмай әлек. 

"Алдын ала болжам бойынша, вагонның рельстен шығып кетуіне жауын-шашынның салдарынан жолдың бұзылуы себеп болған. Тергеу комитеті қылмыстық іс қозғады", – делінген хабарламада.


Бұған дейін Түркістан облысында жүк вагондары рельстен шығып кеткені туралы жазған едік