08 сәу, 2024 сағат 10:30

Ресейде қазақстандық автобус жол апатына ұшырады: екі адам қаза тапты


© Photo : ГИБДД Самарской области



Ресейдің Самара облысында түнде адам өмірін қиған жол апаты болды, алдын ала мәлімет бойынша Өзбекстан азаматтары қаза тауып, жараланған, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.


8 сәуір күні сағат 1:00 шамасында Самара облысының Кинель ауданында автобус жол апатына ұшырады.


"Алдын ала мәлімет бойынша Scania автобусының жүргізушісі қауіпсіз жылдамдықты сақтамай, Урал - Муханово тас жолының 26-шақырымында жолдан шығып, аударылып кеткен. Оқиға орнында екі жолаушы қаза тауып, он адам медициналық мекемеге жеткізілді", - делінген Самара облысы жол қозғалысы қауіпсіздігі мемлекеттік инспекциясының хабарламасында.


Scania автобусы Қазақстанда тіркелген, деп хабарлады Ресей ІІМ Самара облысы бойынша Бас басқармасы мемлекеттік автоинспекциясының бастығы Юрий Некрасов. Ол Нижний Новгородқа Өзбекстан азаматтарын тасымалдаған.