15 жел, 2025 сағат 16:17

Ресей металлургиясында дағдарыс тереңдеп барады

Фото: ашық дереккөз

Ресейдің металлургия саласын ауыр қаржылық дағдарыс жайлады. Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, ірі металл өндіруші компаниялар несие бойынша төлем жасауға қаржы таппай отыр, деп хабарлайды Ult.kz.

Саладағы жалпы қарыз көлемі 600 млрд рубльге дейін жеткен. Сұраныс пен бағаның төмендеуі зауыттардың жағдайын одан әрі қиындатуда. «Магнитка» мен «Мечел» секілді алып кәсіпорындарда өндіріс көлемі күрт қысқарған.

Сонымен қатар құбыр өнімдерінің сатылымы 20 пайызға төмендеген. Ал «Северсталь» компаниясының пайдасы үш есеге азайғаны хабарланды. Сарапшылар бұл жағдай металлургия саласындағы жүйелі мәселелердің ушығып бара жатқанын көрсетеді деп бағалап отыр.