Фото: BBC
Сыртқы істер министрі ресейлік тараптың "алдын ала уағдаластық бойынша дағдарыстың алғашқы себептерін сенімді түрде еңсеру жолдарын қамтитын меморандумды жедел түрде әзірлегенін" атап өтті.
"Біздің делегациямыз, В. Р. Мединскийдің жетекшілігімен, осы меморандумды Украина делегациясына ұсынуға және 2 маусым, дүйсенбі күні Стамбұлда өтетін тікелей келіссөздердің екінші кезеңінде қажетті түсініктемелер беруге дайын. <…> Бейбіт үдерістің табысты болуына шын жүректен мүдделі барлық тараптардың Стамбұлда өтетін жаңа кезеңді қолдайды деп үміттенеміз", – деді Лавров видеоүндеуінде.
