ФОТО: ГЕННАДИЙ ЧЕРКАСОВ
Мәскеу билігі Украинадағы соғысқа шақырылғандарға рекордтық сыйақы ұсынды, -деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".
Мәскеуде келісімшарт жасаушыға төленетін төлемдердің жалпы сомасы қызметтің бірінші жылында 5,2 миллион рубльден асады, деп хабарлады Мәскеу мэрі мен Ресей Үкіметтің сайты.
"Төлемдердің жалпы сомасы,<...> ай сайынғы ақшалай үлесті, Мәскеу мен федералды қолдау шараларын ескере отырып, қызметтің бірінші жылында 5,2 миллион рубльден асады", — делінген хабарламада.
Жарлыққа Мәскеу мэрі Сергей Собянин қол қойды. Оған сәйкес 23 шілдеден бастап бір жыл мерзімге келісімшарт жасасқан әскери қызметшілер 1,9 миллион рубль мөлшерінде қосымша біржолғы төлем алады. Сонымен қатар билік соғысқа барған әскериге бұған дейінгі қолдау қаражаттарын қалтырмақ.
Бүгінгі валюта бағамы: 1 рубль - 5,47 теңгеге сәйкес.
Айта кетейік, Ресей мен Украина арасында соғыс жүріп жатқанына биыл үшінші жыл. БАҚ өкілдері Ресей соғыста көп әскерін жоғалтқанын айтады.
Еске салсақ, Ресейде ішінара мобилизацияны алғаш 2022 жылы қыркүйекте жарияланған. Мобилизациядан қашқандардың көбі Қазақстанға бас сауғалаған болатын. Олардың кейбіреуі осында тұрақтап қалды.