06 мам, 2022 сағат 20:48

Референдумды қолдайтын республикалық штаб құрылды


Қазақстан мәслихат депутаттарының бірлестігі республикалық референдумды қолдайтын қоғамдық штабы құру бастамасын көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Құрылған штабқа бірнеше партия мен қоғамдық ұйым өкілдері де кірмек. Ал штаб төрағасы Төлеубек Мұқашев болды. 

«Президенттің республикалық референндум өткізу туралы Жарлығына байланысты шараны қолдайтын республикалық қоғамдық штаб құру бастамасы көтерілді. Ондай бастаманы Қазақстан мәслихат депутаттарының бірлестігі қозғады. Оған ірі қоғамдық бірлестіктер мен салалық қауымдастықтар атсалысуға ниет танытып отыр. Сондай-ақ, «Ақжол» мен «Ауыл» партиялараы да қызғушылық танытып отыр. Біз ұсынылып отырған конституциялық реформаның бүкіл нормалары бойынша түсіндіру матеиралдарын әзірлейміз. Бірлескен әлеуетімізді бүкіл өңірлердегі халыққа түсіндіру жұмыстарына бағыттаймыз», - деді ол штаб өткізген брифингіде. 

Айтуынша, штатың шалғай аудандардың бәрін түгел қамтитын қауқары бар. Бұдан кейін түрлі салалық оптармен кездесулер ұйымдастыру жоспарланған.