Кәсіпкер Райымбек Баталовтың әйелі Ленара Баталова Қуандық Бишімбаевтың сот отырысындағы атышулы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Ленара Баталова отбасының абырой мен қадір-қасиетіне нұқсан келді деп есептейді.
"Болып жатқан оқиғаға өз пікірімді білдірсем деп едім. Инстаграмым хатқа толып қалды. Кеше ел болып шулы процеске куә болдық. Қызық болғанда, бұл күлкі күнімен тұспа-тұс келді. Процесс те сондай сипатқа ие болған сияқты. Сотта іс қаралып жатқанын емес, баршамыз "Пусть говорят" көріп отырғандай болдық.
Отбасымның абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін дәйексіз, сандырақ сөздерін тіпті елегім келмейді. Мен тек Салтанаттың жақындарына сабырлық, күш-қуат, төзім және сенім тілеймін. Қазақстан халқының қолдауымен әділдік орнап, бәріміз жарқын жақта өмір сүреміз деп сенемін. Біз сіздермен біргеміз", - деп мәлімдеді Ленара Баталова.
Айта кетейік, соттағы сөзінде Қуандық Бишімбаев марқұм Салтанат Нүкенова Райымбек есімді кәсіпкердің көңілдесі болғанын айтқан болатын.