Сурет: РБК
Шешенстан республикасының басшысы Рамзан Қадыровтың ұлы Ахмат Қадыров дене шынықтыру және спорт министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Ахмат Қадыров Шешенстан Республикасының дене шынықтыру және спорт министрі болып тағайындалды. Бұған дейін бұл қызметті атқарған Иса Ибрагимов Шешенстан Республикасы басшысы мен үкіметі әкімшілігі басшысының орынбасары қызметіне ауыстырылды. Шешенстан Республикасының жастар ісі жөніндегі министрлігін Рамзан Висмурадов басқарады. Темірлан Хучиев Шешен Республикасының индустрия және энергетика министрі қызметіне ұсынылды", – деп жазды Қадыров өзінің Telegram-арнасында.
Айта кетейік, 21 мамырда таңертең Шешенстан үкіметінің басшысы Муслим Хучиевтің отставкаға кеткені белгілі болды.
2024 жылдың 12 ақпанынан бастап 18 жастағы Ахмат Қадыров Шешенстанның жастар ісі жөніндегі министрі қызметін атқарды.
Еске салайық, бұған дейін Рамзан Қадыровтың 24 жастағы қызы Айшат Шешенстан үкіметі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалатынын жазған едік.