Фото: FC Astana / Instagram
Қазақстандық футболшылар Рамазан Каримов пен Марат Быстров биыл елордалық «Астана» сапында ойын көрсетеді. Бұл туралы команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Марат Быстров 1992 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Ресейлік және қазақстандық клубтардың намысын қорғады. 2020-2023 жылдарда Ресейдің «Ахмат» клубында 80-нен астам кездесуге қатысты. Қазақстандық қорғаушымен келісімшарт тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігімен 2024 жылдың соңына дейін жасалды.
Ал «Астана» клубының түлегі Рамазан Каримовпен келісімшарт 2024 жылғы футбол маусымының соңына дейін жарамды.
1999 жылы Астана қаласында дүниеге келген шабуылдаушы «Астана», «Каспий», «Мақтарал» клубтарында ойнады.
Рамазан соңғы екі маусымды «Мақтаарал» сапында өткізіп, 19 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді.