Фото ашық дереккөзден алынды
Қазақстандық жартылай орта салмақтағы файтер Шавкат Рахмонов келесі UFC жекпе-жегінде америкалық Джефф Нилмен кездесетінін, ал жекпе-жек 2023 жылғы көктемге ауыстырылатынын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Қарсыластар 14 қаңтарда кездесуі керек еді, бірақ Нил жарақат алып, турнирден бас тартуға мәжбүр болды. Сонымен қатар, кейін Instagram желісіндегі тікелей эфирде Шавкат америкалықпен жекпе-жектің кейінге шегерілгенін хабарлады.
"Джефф Нил жарақат алды. Басқа қарсылас шыға алмады. Құдай қаласа, жекпе-жек наурызға шегерілді", - деді Рахмонов.
Бұған дейін ресейлік инсайдер Игорь Лазорин Рахмоновқа рейтингі 0-ден төмен адаммен жекпе-жек өткізу тиімсіз екенін хабарлаған. АҚШ-тың тағы бір файтер Брайан Барберена Рахмоновпен жұдырықтасуға ниет білдірген еді.
Еске салайық, Нил жартылай орта салмақтағы файтерлер арасында UFC рейтингінде жетінші, ал Рахмонов оныншы орында тұр.