Qazkom KASE қор биржасына 2017 жылдың 14 наурызында 200 миллиард теңге қарыз алғанынан хабарлады, - деп жазады "Ұлт ақпарат".
Банктің қарызды қайдан алғаны биржа сайтында нақтыланбаған. "Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде құнды қағаздары бар "Казкоммерцбанк" 2017 жылдың 14 наурызында 200 миллиард теңге сомасында қарызды арнайы мақсаттағы қарыздың пролонгациясына алғанын хабарлады", - делінген хабарламада.
Бұл қарыздың қаржы мекемесінің өз капиталымен салыстырғандағы пайыздық айырмасы 32,7 пайызға тең.
Естеріңізге салайық, 2016 жылдың қарашасында Рейтер Қазкомның Халық банкпен бірігу туралы келіссөз жүргізіп жатқанын хабарлаған еді. Ол кездері Қазком өздері ешқандай ұсыныс жасамағанын және Халық банк тарапынан ешбір ұсыныс түспегенін айтқан.
2016 жылдың соңында Ұлттық банктің басқармасы жүйелік маңызы бар болғандықтан Қазкомге 400.8 млрд теңге көлемінде көмек беру туралы шешім шығарған. Қаржы реттеуші «Қарыз банктің клиенттері алдындағы міндеттемелерін өтей алуы үшін қосымша өтімділігін арттыру үшін берілді» — деген еді.