01 қаз, 2025 сағат 16:59

«Qazaqstan» ТРК «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчының көрсетіліміне қатысты түсініктеме берді

Фото: Instagram.com

«Qazaqstan» телерадиокорпорациясы Алматыда өткен «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчының трансляциясы кезінде орын алған техникалық ақауларға байланысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ult.kz.

Корпорация мәліметінше, матчқа дейін толыққанды дайындық жүргізіліп, сервер қуаттылығы әдеттегіден үш есе арттырылған. Сонымен қатар бейнеағынды жеткізу қызметі де оңтайландырылған. Дегенмен, ойын басталған сәттен бастап интернет желісіндегі сыртқы қиындықтарға байланысты трансляцияны толыққанды қамтамасыз ету мүмкін болмаған.

«Ақауларды жедел шешуге барлық шаралар қолданылды. Қазіргі таңда туындаған мәселені анықтау үшін кешенді техникалық талдау жүргізілуде. Көрермендерге қолайсыздық тудырғанымыз үшін кешірім сұраймыз», – делінген хабарламада.