17 жел, 2025 сағат 19:15

«Qarzhy Saqshysy»: Қазақстанда қаржылық қауіпсіздікке арналған республикалық ойын өтті


Фото: Қаржылық мониторинг агенттігі
2025 жылдың 1–15 желтоқсан аралығында «Заң және тәртіп» жалпыұлттық науқаны аясында қаржылық қауіпсіздікті арттыруға бағытталған республикалық компьютерлік ойын «Qarzhy Saqshysy» ұйымдастырылды.

Жоба Қаржы мониторингі агенттігі мен AML Academy бірлесіп, ҚР Білім министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды.

 Интерактивті форматта қатысушылар қаржылық тәуекелдерді анықтап, виртуалды қаржыларды басқарып, қаржылық қауіпсіздік бойынша тапсырмаларды орындады. Мектеп оқушылары дропперлік, қаржылық пирамидалар белгілерін танып-біліп, фишинг сайттарды нақты сайттардан ажырата білуді үйренді.
Фото: Қаржылық мониторинг агенттігі

Ойынға Қазақстанның барлық өңірлерінен 10–11 сынып оқушылары мен колледждердің 1–2 курс студенттері, барлығы 800 мыңнан астам қатысушы қатысты. Жобаның қорытындысы бойынша жеңімпаздар құнды сыйлықтармен марапатталатын болады.

 «Qarzhy Saqshysy» қаржылық сауатты және жауапты ұрпақ қалыптастырудағы маңызды қадамға айналды және қаржылық қауіпсіздік саласындағы білімді арттыру дәстүрлі түрде жыл сайын өткізілетін болады.