"Владимир Путин Жапонияға жасаған ресми сапары барысында "Ниппон" телеарнасына және "Иомиури" газетіне сұхбат берді", - деп хабарлайды Kremlin.ru.
Журналистермен кездесуге Ресей президенті өзінің акита-ину тұқымынан шыққан итімен келді, итті 2012 жылы Акита префектурасының билігі сыйға тартқан болатын.
"Сіздер Юмэні көргілеріңіз келеді деп естідім, міне, оның жағдайы жақсы", - деді Владимир Путин жапон журналистеріне.
© kremlin.ru
"Зор алғыс білдіреміз уақытыңызды бөліп бізге сұхбат беруге келіскеніңіз үшін. Біз Юмэні көргеніміз үшін қатты қуаныштымыз, алайда кездесуіміз бұлай басталғанына таңғалумен қатар шошып та қалдық", - деді журналистер.