Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстанға ресми сапармен келді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Ресей Президенті Владимир Путинді елорда әуежайында қарсы алды", - делінген хабарламада.
Владимир Путинді ресейлік Aurus лимузині бастаған көліктер кортежі алып кетті.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9 қарашада Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Астанаға ресми сапармен келетінін жазған болатынбыз.
Сапар барысында екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелерін талқылайды деп жоспарланып отыр.
Бұдан бөлек, президенттер Қостанайда өтетін Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнебайланыс режимінде қатысады.