Фото: Ақорда
Владимир Путиннің айтуынша, бұл тақырып келіссөздер барысында жан-жақты талқыланған.
«Қазақстан атом энергетикасы саласындағы жобаларын жүзеге асыратын болса, кез келген тапсырыс беруші ретінде өзі үшін ең қолайлы технологиялық шешімдер мен қаржылық схемаларды таңдауға құқылы», — деді ол.
Путин «Росатомның» әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі екенін атап өтті. Оның сөзінше, компания тек атом стансасын салып қана қоймай, сол елде толыққанды саланы дамытады.
«Біз кадрларды даярлаймыз, қажетті материалдарды жеткіземіз, пайдаланылған отынды қайтарамыз және атом ғылымын дамытуға көмектесеміз. Қазақстандық әріптестеріміз бұл салада тәжірибелі. Олар уран өндіру кәсіпорындары мен басқа да объектілерге ие, сондықтан өздеріне не керегін жақсы біледі», — деді ол.
Путин Қазақстан бірлескен жұмысқа қызығушылық танытса, мұндай ынтымақтастық мүмкін екенін айтты.