11 нау, 2022 сағат 16:24

Промоутер Канело мен Головкиннің үшінші жекпе-жегі туралы айтты


Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн қыркүйекте екінші орта салмақтағы әлемнің абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альварес орта дивизиондағы IBF титулының иегері Геннадий Головкинмен трилогия өткізеді деп үміттенеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

"Бұл - үлкен жекпе-жек. Бұл жекпе-жектің артында үлкен құмарлық бар. Екеуі де жарылуға дайын. Тек жекпе-жекте ғана емес, тіпті бір-бірінің баспасөз мәслихатында да. Канело қарсыласы тым көп сөйлейтінін және оның ақысын төлейтінін айтқанын көрдіңіздер.

Негізі оның олай сөйлегенін көрмегенбіз. Кейін Головкин: "Алғашқы екі жекпе-жекте жеңіске жеттім, тағы да қайталаймын" деді. Одан да мұндайды бұрын-соңды естімеген едік", - деді Хирн YouTube-те Behind The Gloves-арнасына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, егер "Канело" Дмитрий Биволды, ал Головкин Риота Муратаны жеңетін болса, "онда мега жекпе-жек болады".

Еске салайық, сәуірде Головкин WBA супер орта салмақтағы чемпионы жапон Риота Муратамен кездеседі, ал "Канело" мамырда ресейлік Дмитрий Биволмен WBA жеңіл салмақтағы белбеуі үшін жұдырықтасады.