01 мау, 2022 сағат 15:05

Промоутер Канело - GGG трилогиясына қатысты мәлімдеме жасады


Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн қазақстандық Геннадий Головкиннің Сауль "Канело" Альвареске қарсы жекпе-жегіне және Эррол Спенс пен Теренс Кроуфорд айқасына салыстыру жасады, деп хабарлайды Vesti.kz сайты boxingnews24.com порталына сілтеме жасап.

"Канело" - GGG жүз пайыз қызықты, Спенс - Кроуфорд та тамаша жекпе-жек. Миы бар кез келген адам бұл сұрақтың жауабын біледі. Бокстың хардкордты жанкүйерлері Спенс - Кроуфорд кездесуін күтіп жүргенін білемін. Алайда БАҚ назары, ақылы трансляция саны, коммерциялық пайда, ауқымдылық жағына келер болсақ, бұл екі айқастың арасы жер мен көктей. 

Сондықтан хардкордты жанкүйерлер Спенс пен Кроуфорд айқасын күтсе, қарапайым көрермендер "Канело" - Головкин жекпе-жегін көргісі келеді. Трилогиядан түсетін табыс Спенс пен Кроуфорд айқасының табысынан он есе көп болады", - дейді Хирн iFL TV арнасына берген сұхбатында.