18 жел, 2025 сағат 10:35

Президенттің Жапонияға сапары аясында 3,7 млрд доллардан асатын келісімдерге қол қойылады

Фото: Ақорда

Қазақстан Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға ресми сапары барысында жалпы құны 3,7 миллиард доллардан асатын коммерциялық келісімдерге қол қойылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.

Оның айтуынша, Президент Токиода жапониялық ірі бизнес өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізеді. Сапар аясында 40-тан астам құжатқа қол қою жоспарланып отыр.

Келісімдер энергетика, жаңартылатын энергия көздері, цифрландыру, тау-кен өндірісі және көлік салаларын қамтиды. Қазақстан тарапынан «Самұрық-Қазына», KEGOC, «Қазатомөнеркәсіп», «Тау-кен Самұрық», «Қазпошта», «Қазақстан темір жолы» компаниялары қатысады. Ал Жапония жағынан Marubeni, MUFG Bank, Mitsubishi Heavy Industries, Hitachi Energy, Toshiba, JOGMEC, Kansai Electric Power және RIKEN KOGYO секілді алпауыт компаниялар құжаттарға қол қояды.

Сонымен қатар Президенттің Жапонияға сапары барысында өзге де ресми келіссөздер мен іскерлік кездесулер өткізу көзделген.