14 шіл, 2025 сағат 09:38

Президенттің баспасөз хатшысы тағы бір қызметке тағайындалды

Фото: Ақорда

Енді ол Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) жаңа технологиялар және тиімділікті арттыру бойынша комиссиясының директоры лауазымын қоса атқарады, деп хабарлайды Ult.kz.

Бұл туралы Руслан Желдібай Facebook парақшасында мәлімдеді.

"Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) жаңа технологиялар және тиімділікті арттыру бойынша комиссиясының директоры қызметіне тағайындалдым.
Бұл - қосымша қоғамдық қызмет. Сенім білдірген IJF басшылығына, Мариус Визер мырзаға алғыс білдіремін.
Еліміздің халықаралық спорт ұйымдарында өкілдерінің болуы - өте маңызды. Бұл қадам арқылы еліміздің беделін нығайтумен қатар, тәжірибе де алмасамыз.
Дзюдодан елімізде дамыту бағытында біраз жұмыс атқарылып жатыр. Әлі де мәселе жетерлік. Дзюдоны кеңінен дамыту үшін арнайы академия, ал аймақтарда орталықтар қажет болып тұр. Халықаралық ынтымақтастықты да арттырамы.
Осы іске барынша өз үлесімді қосамын", –  деп жазды Руслан Желдібай парақшасында.