Фото: Kisi.kz, Елнар Берікбаев
Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ана тілі» газетіне берген сұхбаты кезекті рет президенттің жағдайды толық бақылауда ұстап отырғанын, проблемаларды білетінін және оларды шешуге нақты жоспары бар екенін көрсетті, дейді Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының Стратегиялық талдау бөлімінің басшысы Елнар Берікбаев.
Айтуынша, кейбір саясаттанушылар Қасым-Жомарт Тоқаев президент лауазымында халықаралық қатынастармен көбірек айналысып, ішкі саясат мәселелері екінші кезекке қала ма деп алаңдаған еді. Алайда президент тәжірибелі мемлекеттік қайраткер әрі шаруашылықты меңгерген басшы екенін дәлелдеді, дейді ол.
Осыдан кейін Президенттің бастамасымен атқарылған жұмыстарға тоқталды:
- - Су тасқынының салдарымен өз күшімізбен күрестік. Үйлер жедел түрде салынды, барлық зардап шеккендерге шығын өтелді, инфрақұрылым қалпына келтірілді;
- - Алматы, Қызылорда және Шымкент әуежайларында заманауи жолаушылар терминалдары пайдалануға берілді;
- - Ондаған жылдар бойы жөнделмеген ЖЭО-ларды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде;
- - Республикалық маңызы бар шамамен 7 мың шақырым автожол салынды және жөнделді;
- - Бұқтырма су қоймасы арқылы ұзындығы бір шақырымдық көпір салынды;
- - Қазақстанға заңсыз шығарылған активтер қайтарылып, алынған қаражат мектептер мен ауруханалар салуға жұмсалуда.
Сарапшы ұлттық құрылтай мен онлайн-петиция институтының арқасында қоғамдық бастамалар билікке жетіп жатқанын айтты.
Ұлттық құрылтай отырысында айтылған және жүзеге асырылған бастамалар:
— әйелдер мен балаларға қарсы қылмыстарға жазаны қатаңдату (жаңа заң тұрмыстық зорлық-зомбылықты қылмыс деп таниды, сондай-ақ балаларды өлтіру және сексуалдық зорлық үшін өмір бойына бас бостандығынан айыруды енгізеді);
— лудоманиямен күрес шаралары (букмекерлік кеңселердің ғимараттардағы, көлік құралдарындағы сыртқы жарнамасына және БАҚ-та жарнамалауына тыйым салу енгізілді);
— вейптерді сату мен жарнамалауға тыйым салынды;
— кәмелетке толмағандарға қатысты буллинг үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілді;
— есірткі таратушылар мен өндірушілерге арналған сараланған жаза енгізілді.
Ол ең басты жетістігіміз – 100-ден астам этнос пен 18 конфессия өкілдері өмір сүріп жатқан елдегі бейбітшілік пен келісімді сақтау деп есептейді.
"Президенттің ақпараттық оқшаулауда қалмауы маңызды. Тоқаевтың ақпараттық дереккөздерінің кеңдігі қуантады – интернет, әлеуметтік желілер, телевидение және түрлі ведомстволардың материалдары", - деп атап өтті Елнар Берікбаев.