05 қыр, 2025 сағат 17:53

Президент жолдауы: парламент палаталарының бірлескен отырысы шақырылды



Мәжіліс төрағасы парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.


"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2025 жылғы 8 қыркүйекте сағат 11.00-де Астана қаласында шақырылсын", – деп жазылған өкім мәтінінде.



Айта кетері, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында жолдауын жариялайды.